27-28 сәуір күндері облыстық байқау мектеп пен колледждер арасында өткізіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бағдарымен өтетін байқаудың мақсаты — оқушыларды рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау болып табылады.
Байқауда облыстық аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен кітапханашылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылып, жеңімпаздар анықталады.
Байқау «Оқу-табысқа апарар жол!» ұранымен және «ХХІ ғасыр кітапханасы», «Кітапхана-оқырман елі», «Оқырман ұлт елдің – болашағы», «Ізден, талаптан оқырман!» номинациялары бойынша өткізіледі.
Сондай-ақ, байқау барысында «Рухани жаңғыру» атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылады. Байқауға 27 білім беру ұйымдарынан 54 оқушы мен 70 студент қатысады.