«ҚазҚСҒЗИ» АҚ нормативтік — техникалық құжаттарды, оның ішінде, ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша да кейіннен дұрыс цифрлау үшін терминдердің бір-бірімен өзара байланысын сипаттайтын бірыңғай мемлекетаралық цифрлық сөздік құруды ұсынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Мәжіліс барысында «Проектная дирекция Минстроя России» ФАМ, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және Беларусьтың «РНТЦ по ценообразованию в строительстве» арасында құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізудің ағымдағы жағдайы бойынша тұрақты негізде тәжірибе алмасудың қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.