Таразда «АТАМЕКЕН» оқыту семинары өтеді

0 0

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастырушысы ретінде байқауға қатысушылар үшін оқыту семинарларының өткізілетіні туралы хабарлайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП ниет білдіруші барлық шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілер өкілдерін семинарға қатысуға шақырады.

Семинарлар Кестеге сәйкес ағымдығы жылдың 15-мамыры мен 15-маусымы аралығында Астана, Алматы қалалары және 14 облыстағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарында өткізіледі. Ал Тараз қаласында 31-мамыр өтетін болады.

Семинарларға қатысу үшін өтінімдерді міндетті түрде Кестеде көрсетілген байланыстар бойынша, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жіберу қажет.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефоны:
8 7172 919 300 (ішкі 1838)

Leave A Reply

Your email address will not be published.