Астана медуниверситетіндегі дау: Білім алушыларға қанша қаржы жұмсалды

0 0

Астана медицина университетінің жалған IELTS сертификатымен түскені үшін оқудан шығарылған білім алушыларға жұмсалған қаражат көлемі белгілі болды. Мұндай дерекпен бүгін аталған білім ордасының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің деканы Ернар Тұрсынбет бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Магистратура мен резидентура бойынша ай сайын 61 561 теңге шәкіртақы төленеді. Докторантурада оқитын білім алушылар 81 998 теңге шәкіртақы алады. Мұнан бөлек, ай сайын оқуға магистратурада 61 мың теңге, резидентурада 67 мың теңге және докторантурада 120 мың теңге жұмсалады», — деді ол даулы мәселеге орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.