Азия чемпионаты: Қазақстандық сегіз боксшы жартылай финалға шықты

0 9

Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының сегіз боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жартылай финалға шыққан боксшылар қатарында 49 келі салмақта Махмұд Сабырхан, 56 келі салмақта Бейбарыс Жексен, 64 келі салмақта Талғат Шәйкенов, 69 келі салмақта Ермахан Жақпеков жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, 75 келі салмақта Нұрбек Оралбай, 81 келі салмақта Сағындық Тоғымбеков, 91 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алса, аса ауыр салмақта Дамир Тойбай да ширек финалдағы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшылар арасынан 60 келі салмақта өнер көрсететін Рахат Сейітжан ғана ширек финалда қарсыласына есе жіберіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған біріншілікте жеті аруымыз жартылай финалға шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.