Облыста 34 көше мен елді мекен аты Кеңестік замандағы есімдермен аталады

0 11

Бұл ономастика мәселесі облыс әкімінің төрағалық етуімен өткен жиында  кеңінен қаралды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Атауларды ҚР президент әкімшілігі белгілеп берген тәртіп бойынша қазақ тіліне ауыстыру жұмысын жеделдету керек. Яғни, бұрынғыдай көшеге атамның, ауылға бабамның есімін беремін деген әңгіме ендігі жерде болмайды», — деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдерді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Мағынасы ескірген атауларды қайта жаңартып, қате жазылған жарнамалар мен тақтайшаларды ауыстыру да күн тәртібінде.

Тағы айта кететін жайт, облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің ана тілін білуі. Жұмысқа қабылдаған кезде кез — келген басшыға мемлекеттік тілді білуі жөнінде талап қойылуы керек. Бірақ, кей кезде жұмысқа қабылдап алып, кейін оған ана тілі бойынша тест тапсыртып келген.

«Енді Жамбыл облысында сауатсыз немесе қате жазылған жарнама белгілері болмауы тиіс», — деді Асқар Мырзахметов.

Көшедегі ретсіз жарнаманы қалпына келтіру сөз болды. Қазіргі таңда, ретсіз жарнама және қала құрылысымен айналысатын «Архитектуралық бюро» орталығы ашылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.