Жамбыл облысы ІІД қылмыстық полиция басқармасы кәмелет жасқа толмаған 03.01.2002 жылы туылған Қабанбай Ақлима Қанатқызын іздестіруде. Ол 24 сәуірде үйден шыққаннан, осы кезге дейін оралмаған.
Дене бітімі орташа, бойы 160-165 см, шашы иығына дейін қоңыр түсті, қой көзді.
Ерекше белгілері: екі аяғымен ақсаңдап жүреді, туа біткен психикалық неврологиялық аурумен ауырады.
Үстінде жеңсіз қара күртеше, сары түсті жейде, көк трико, аяғында қара мокасины бар.
Жоғалған қыз туралы қандай да бір маңызды ақпарат алған жағдайда Жамбыл облысы ІІД ҚПБ- на мына телефондарға хабарлауыңызды сұрайды: 102, 8 (7262) 99-71-21, 43-39-32.