Таразда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай марафон өтіп жатыр

0 4

Таразда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай республикалық марафон өтіп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған Жамбыл облысымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау өңірлерінің атлеттері де келген. Бұл бастама жеңіл атлетикалық жүгіріс пен жартылай марафон түрінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы саны 2500-ге жуық адам қатысты. 16 жасқа дейінгі қатысушылар 4800 метрге дейінгі қашықтықта жүгірді. Ал 16-дан жоғары жастағы спортшылар жартылай марафонға қатысу үшін жарна төледі. Олар 10 және 21 шақырымды жүгіріп өтіп өзара жүйрікті анықтады. Ал жарнадан түскен қаражат науқас балаларға қайырымдылық көрсетуге жұмсалады.

Нұрбол Жүнісбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

—  Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын саны 28,6 пайызға жетіп отыр. Сол пайызды әрі қарай арттыру мақсатында осындай үлкен іс-шаралар өткізіліп отыр. Халқымызды спортқа тарту, насихаттау. Осындай іс-шара жалпы Жамбыл облысында бірінші рет өткізіліп отыр. Енді болашақта осыны дәстүрге айналдырып, осы марафонды жылда өткізсек деген ой бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.