Таразда жас тарихшылардың байқауы өтті

0 17

Таразда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас тарихшылардың облыстық байқауы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауға өңірдің 10 ауданы мен қала мектептерінен 55 оқушы қатысты. Шәкірттер алдымен Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырып, ғылыми жобаларын қорғады. Байқауға дайындық кезінде оқушылар ұзақ уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Ізденіс негізінде арнайы әзірленген тың жобаларын ұсынды.

Аяжан Қосыбаева, оқушы:

— Осы байқаудың арқасында біз өзіміздің тарихымызды яғни, Тараз қаласының жалпы Жамбыл облысының тарихын түбіне дейін зерттеуге көптеген үлес қосудамыз. Және де өзіміздің ашқан жаңалықтарымыз бар. Менің ғылыми жобамның тақырыбы Ақкөз Қосанұлы. 9-10 сыныптарда мүлдем айтылмайды ол батыр жайлы.

Гауһар Шартықбаева, №12 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі:

— Бұл интеллектуалдық жоба байқауы оқушылардың арасында үлкен қызығушылық тудырды. Енді ғалымдар емес қой. Бірақ өз көлемінде бір жаңалық ашуға тырысады. Елін, жерін сыйлауға, жерінің табиғаты мен елім деген азаматтардың тарихымен танысуға балаларды үйретеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.