Бірнеше адамның өмірін құтқарған азамат құрметке лайық, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары Әлібек Әнтаевты марапаттауды сұрап отыр. Ол Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар елді мекенінде болған тасқын кезінде суға кеткен көлік ішінен үш адамды аман алып шыққан. Ауылдастары оның әрекетін ерлікке теңеп, үлгі тұтады.
Бұл оқиға биыл ақпан айының соңында болған. Сол күні өңірде ауа райы күрт жылынып, нөсер жауын жауды. Салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданында тау бөктеріндегі 5 елді мекенді су басты. 30-дан астам тұрғын үйді су шаю қаупі төнген еді.
Нұрлан Түстікбаев, ауыл тұрғыны:
— Жаңбыр жауды. Алдында қар еріп, су көбейіп, дамбыны бұзып кетті. Медпункттің алдының бәрін талқандап кетті. Көпірге сыймай.
Жолдасбек Бөлеков, ауыл тұрғыны:
— Бір мәрте азайып, одан кейін қайтадан келіп ұрды. Әкімдіктер бекітіп, бүкіл ауыл жабылып жүріп ауылды аман алып қалдық. Жан-жаққа жіберіп, қара құмға жіберіп. Осы алаң-елең уақытта ауылдың үш тұрғыны жеңіл көлікпен көрші ауылдан ауызсу алып келе жатқан. Кенеттен су толқыны ұрып, көлік жолдың шетіндегі ылдиға түсіп кетеді.
Қуантай Бөлеков, ауыл тұрғыны:
— Көліктің алдын ұрды. Лай су. Көрінбей қалды. Көліктің өзін алып кетті. Ескі машина өзі. Әп-сәтте су толды ішіне. Ауа тарылып бара жатыр. Елдің бәрі шулап тұр. Біреуі түспейді. Осы тұста мектеп күзетшісі болып жұмыс істейтін Әлібек Әнтаев кезекті ауысымын қабылдау алуға келе жатқан. Қызыл судың құрсауында тұрған көліктегі адамдарды байқап, бірден көмекке ұмтылады.
Әлібек Әнтаев, ауыл тұрғыны:
— Көліктің төбесіне шықтым. Өзім де сасып қалдым. Қай жағынан алып шығарымды білмедім. Есігін аштым, ашылмады. Кетіп бара жатыр. Көзім көріп тұр. Ұрдым, сонда да алдыңғы терезені сындыра алмадым. Талдан ұстап тептім, әйтеуір бір адам сыятындай п ойық жасадым. Көлік ішінде көпбалалы батыр ана Айткүл Жолдасбекова да болған. Ол сол күнді үреймен еске алады.
Айткүл Жолдасбаева, ауыл тұрғыны:
— Қолмен де ұрып жатырмын. Білмеймін, ішінде отырмын ғой. Айқайлап отырмын. Не болып жатқанын түсінбеймін. Әйтеуір ашылған кезде алдымен Қуантайды шығарып алды. Одан кейін мені шығарды. Арғы жағын білмеймін. Есімді білмеймін. Жүрегім ауырады. Талып қалсам керек. Әлібек өзін ерлік жасадым деп санамайды. «Менің орнымда кез келген азамат болса осындай әрекетке бара еді», – дейді ол. Ал ауыл тұрғындары құтқарушының бұл ісі марапатқа лайық деп отыр.
Айткүл Жолдасбаева, ауыл тұрғыны:
— Екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шыны керек. Қазіргі заманның батыры, ерлік жасайтын батыры десем де болады.
Қуантай Бөлеков, ауыл тұрғыны:
— Еленсе, ескерілсе деген үміттеміз. Оған бір қаражат, ақша, алтын бер деп жатқан ешкім жоқ. Тек ескерусіз қалмаса дейміз.
Талғат Сабыров, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
— Ақпаратты жинап жатырмыз. Осы материалдардың барлығын жинап, бұл оқиға олды ма, болған жоқ па, соның барлығын дәлелдеп жатырмыз. Ақпараттың барлығы толық жиналған соң, ерлік жасаған жерлесімізді қандай, қалай марапаттау жағын қарастырамыз.