Синоптиктер 2018 жылы мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, мамырда циклондардың және антициклондардың жиі ауысуы суық және жылы толқындардың ауысуына алып келеді. Еліміздің көп бөлігінде мамырдың басында салқын және жауынды ауа райы, ол найзағаймен және желдің күшеюімен сүйемелденіп отырады, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында жылы ауа массалары басым болып, көбіне жылы ауа-райы күтіледі екен.
«Онкүндіктің бірінші ортасында қарқынды суық толқыны күтіледі, онда ауа температурасы мынадай боп: батыста, оңтүстік-батыста түнде 5-13 дейін жылы, күндіз 17-25 дейін жылыға; солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 0-5 дейін аяз, күндіз 2-10 дейін жылыға; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 2-10 дейін жылы, күндіз 15-25 дейін жылыға төмендейді. Салқындаудың келесі екі толқынын айдың ортасында және аяғында күту керек, Арктикалық теңіздер акваторийынан суық ауа массасының енуінен, елдің солтүстік жартысында үсіктің болуын алып тастауға болмайды», — делінген хабарламада.
Ал, қалған күндері оңтүстік-батыс желі Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларын айдап келіп, ауа температурасы: «Солтүстік жартысында түнде 10-15 дейін жылы, күндіз 20-28 дейін жылы; оңтүстік жартысында түнде 15-20 дейін жылы, күндіз 28-35 дейін жылы боп жоғарылайды. Нәтижесінде, айлық ауа температурасы оңтүстік-батыс жартысында нормадан — 1 градус жоғары, республиканың солтүстік-шығыс жартысында — нормаға жуық және одан төмен деп күтіледі. Сондай-ақ, жауын-шашынға қатысты, көктемнің соңғы айы жаңбырлы болады: батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормадан жоғары, қалған аумақта — нормаға жуық болады деп болжанады».
Консультациялық айлық болжам 7 және 3 үш күнге қысқа мерзімді болжамдармен түзетілетін болады.