Жамбыл облысында жас өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті

0 5

2018 жылғы 27 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт өндіру мекемесінде өңірлік жастардан құралған «Жас өрт сөндіруші» атты облыстық жарыс өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

 

Аталған шараға Тараз қаласынан және облыс орталығына жақын орналасқан аудандардан 5 жас құтқарушылар командалары қатысты. Командалардың жас ерекшеліктері 13-15 жастан құралған.

Сайысқа қатысушылар үздік атақ үшін тартысқа түсіп, 5 кезең бойынша бақтарын сынады. Атап айтқанда, «командаларын таныстыру», «биік ғимараттан адамдарды құтқару», «өрт сөндіру эстафетасы», «жауынгерлік қанат жаю», «қабырға газеті байқауы» түрлері бойынша сынға түскен болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша, Тараз қаласының «Стая» командасы үшінші орынды иеленсе, Жамбыл ауданының «Самсон» командасы екінші орын тұғырынан табылды. Сондай-ақ,  жүлделі бірінші орынды Талас аудандық «Укротители огня» командасы жеңіп алды. Сайысқа қатысушы барлық командалар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.