Осыдан 73 жыл бұрын дәл осы күні Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа жеңіс туын тікті.
Тарихи ерлігін батырымыз небәрі 21 жасында жасаған. Оның құрметіне 2016 жылы Астана төрінде ескерткіш орнатылды. Елордадағы үлкен көшелердің бірі батырдың атымен аталады. Жалпы соғыс жылдарынан кейін Рақымжан Қошқарбаевтың еңбек еткен жері Алматыда батырға арнап естелік тақта орнатылған. Ержүрек батырға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Халык қаhарманы» атағы берілді.
Дереккөз: 24.kz