8 күн із-түзсіз жоғалып кеткен КТК арнасының қызметкері Олжас Белгібаев аман-есен табылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының ІІД растады.
Дегенмен құзырлы орган оның не себепті жоғалып кеткендігі және қазіргі жағдайы қандай екендігі туралы мәлімет бермеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін КТК арнасының операторы Олжас Белгібаевтың жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.
Олжас Белгібаев Алматыдағы КТК және «Алматы» сияқты бірнеше телеарнада қызмет істеген.