Денесіне есірткі жасырып алып өтпек болған ресейлік Қазақстанмен шекарада ұсталды, — деп хабарлады «Zhambylnews» AA Sputniknews.kz cайтына сілтеме жасап.
«ҚР ҰҚКД шекара қызметі 600 грамнан астам марихуана салынған алты пакетті денесіне скотчпен орап, шекарадан алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады», — деп ақпарат берді СҚО ІІД.
ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабына сәйкес күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жыл басынан бері солтүстік қазақстандық полицейлер 55 килограмнан астам әртүрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның ішінде 232 грамнан астам героин бар.