Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы маңында болған жол апатынан 1 адам көз жұмды, — деп xабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
29 сәуір күні сағат 21.30-дар шамасында Форт-Шевченко — Ақтау бағытындағы тас жолда Toyota Камри мен жүк көлігі соқтығысқан.
Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Toyota Камри көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ал, Газель жүргізушісі ауыр жағдайда Түпқараған ауданының ауруxанасына жеткізілген.
«Көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды»-дейді МО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысының м.а Айгерім Ибатуллаева. Алдын-ала болжам бойынша, Тoyota қарсы бағытқа шығып, жүк көлігіне соқтығысқан. Газель сол жерде өртенген.