Ел бірлігі-Тәуелсіздік тірегі

0 12

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі  Жуалы ауданында да бар сән-салтанатымен аталып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлік – ұлы ұғым!» атты мерекелік іс-шара «Ақ көгершін» әніне қойылған композициямен ашылды.

«Құрметті жуалылықтар!  Баршаның баласын бауырына басып, досына құшақ ашқан қазақ халқы ежелден бауырмал халық. Қазақ халқының дархан пейілінің арқасында елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мұндай мамыражай бейбіт заманның орнауына әлбетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. Өзге ұлттардың өкілдері өз кезегінде қоғамның гүлденуіне,  ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеді»,- деді аудан әкімі Бақтияр Бейсембайұлы.

Ниетіміз бен тілегіміз бір деген игі тілек жатқандай бір түсті шарлар аспанға ұшырылды.

Мереке «Гүл-көктем» атты гүлдер мерекесімен жалғасын тапты. Ауданның көркемөнерпаздары бірлікті, ынтымақты, көктемді жырлайтын әндер шырқап, мерекенің әрін аша түсті.

Сонымен қатар, мәдени орталықтардың ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, дәмнен ауыз тиді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.