Мәскеу жастары Telegram мессенджерінің бұғатталуына қарсылық білдірді

0 16

Мәскеу орталығында Telegram мессенджерінің бұғатталуына қарсы шеруге қатысушылар саны болжамнан бір жарым есеге өсті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA  ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Академик Сахаров даңғылында өткен қала билігімен келісілген көпшілік іс-шарасы аяқталды. Оған 7500 адам қатысты», — деді аталған ұйымның баспасөз қызметі.

Шараны Ресей либертариандық партия өткізді. Партия алдын ала мәлімдегендей, шараға 5 мыңға дейін адам қатысуы тиіс болатын.

Полиция таратқан хабарламаға қарағанда, ешкім қоғамдық тәртіпті бұзбаған. Бейбіт шеруге қатысқандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылар көшеге мессенджерді бұғаттауға қарсы жазу бар плакаттар алып шықты.

Айта кетейік, Мәскеудің Таган соты 13 сәуірде  Ресейде Telegram мессенджеріне қол жетімділікті бұғаттау туралы Роскомнадзордың талап-арызын қанағаттандырған болатын. 16 сәуірде байланыс оператордары Telegramды бұғаттау процедураларын бастаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.