«Kazakh TV» арнасы қырғыз тілінде хабар таратады

0 0

Енді қырғыз елі Қазақстанның тарихы және және салт-дәстүрімен жақынырақ таныса алады. «Kazakh TV» Ұлттық спутниктік телеарнасы 1 мамырдан бастап қырғыз тілінде де хабар таратады. Бұл туралы «Zhambylnews»  АА «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айыр қалпақты ағайын арнадан көрсетілетін бағдарламаларды тәулік бойы тамашалай алады.

«1 мамырдан бастап, «Қазақ ТВ» арнасы қырғыз тілінде де хабар таратады. Арнада тарихи және салт-дәстүрді насихаттайтын бағдарламалар топтастырылған. Қырғыз ағайындар үшін қызықты болады деп ойлаймын. Себебі, дайындығымыз жоғарғы деңгейде. 450-ден астам бағдарламаны қырғыз тіліне аударып, дыбыстап қойдық. Бар контент дайын тұр», — дейді «Kazakh TV» телеарнасының халықаралық ақпарат бөлімінің продюсері Рейна Досалиева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.