Таразда ардагерлер арасында кіші футболдан турнир өтті

0 17

Бүгін «Айбек Арена» футбол алаңында ардагерлер арасында кіші футболдан Тараз қаласының ашық біріншілігі өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Жарыс Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталған шараға 1968 жылдан жоғары туылған спортшы ардагерлер қатысты.

Сондай-ақ, турнирде ардагерлерден құралған 5 команда яғни, «Жеңіс», «Қазфосфат», «Намыс», «Әулиеата», «Жайдар» құрамалары  өзара бақтарын сынады. Әр командада 5 ойыншы футбол ойнап, күннің салқын болуына қарамастан белсенділік танытты.

Басшылықты Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облыстық әуесқойлар футбол лигасы жүргізді.

Жарыстың нәтижесі бойынша 1 орынды «Намыс» командасы иеленсе, «Әулиеата» командасы 2 орыннан көрінді. Ал «Жайдар» құрама командасы 3 орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан Кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.