ЦентрКредит банкі (ЦКБ) 2017 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта ЦенртКредит банкінің жай акциялары бойынша 2017 жыл үшін сыйақы төленбейтіні туралы жазылған.
Мұнымен қоса, өткен жылда түскен 30,3 млрд теңге пайда банктің резервті капиталында қала береді.