Меркі ауданында 53 млн теңгенің рентген аппараты 2 жылдан бері істемей келген. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Jambyl телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірдегі медицина саласына айтылар сын да, тағылар мін де көп. Адам жанының арашасы саналған ақ халаттылар, бүгінде жүктелген жауапкершілікті ұмытқандай. Меркі аудандық ауруханасының рентген бөлмесінің кілттенгеніне біраз уақыт болған.
Ал, жаңа салынған аудандық емханадағы, заманауи қондырғылармен жұмыс істейтін қызметкерлер жоқтың қасы. Қазір бұл салаға 14 маман жетіспейді. Соның салдарынан күттіретін кезек көп, сапалы қызмет жоқ.