Жамбылдықтар Еуропадан жүлдемен оралды

0 1

Биыл арнаулы Олимпиада ойындарына 50 жыл толды. Осы орайда, ағымдағы жылдың 22-27 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Еуропа аралық мини-футболдан турнир өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жарысқа Европаның 13 мемлекетінен 16 команда қатысса, ҚР атынан Жамбыл облысы әкімінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №5 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» қатысты.

Аталған жарыстың нәтижесі бойынша 2-ші дивизионда ойнаған №5 орталық командасы жүлделі 2-ші орынға ие болды. Бұл топта Әзірбайжан, Беларусь, Фарел аралдары, Швейцария, Македония, Хорватия, Ресей-1 командалары ойнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.