Хокингтің көзі тірісінде жазылған еңбектерінің көп бөлігі Әлемнің көлемі мен Үлкен жарылыс теориясы тақырыбына арналған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Британдық физик-теоретиктің еңбегін Бельгиядағы Левен университетінің ғалымдары аяқтап, оны Хокингтің 75 жасқа толуына арнады. Стивен Хокинг Ғаламның көлемі мен шекарасына қатысты еңбегінде керісінше оның белгілі бір шегі бар екенін жазған. Ғалымның жаңа жұмысы өзінің бұрынғы зерттеулеріне қарама-қайшы келіп отыр. Ал егер оны дамыта түсетін болса, бұл тұжырым Эйнштейннің қатыстылық теориясына қарсы келмек.
Сондай-ақ, ол өзі ұсынған тұжырымды дәлелдей түсу үшін гравитациялық толқындарды зерттеу керектігін айтады. Мұнымен қатар, Стивен Хокингтің соңғы еңбегін оқып отырып Үлкен жарылысқа дейін материя болғанына көз жеткізуге болады. Бұл материя адамзат білетін қазіргі әлемге ұқсас.
Хокинг шамамен 4 млрд жыл бұрын кеңістік пен уақыттың қазіргідей түрде болмағанын айтады. Мұнымен қатар, ғалымның айтуынша, Ғаламның нақты шекарасы бар. Адамзат оны алдағы уақытта зерттейтін болады.