Елбасы Жарлығымен театр артисіне «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

0 11

ҚР Президенті Жарлығымен М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артисі Ю.Б.Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазақпарат» ХАА — не сілтеме жасап.

***

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ю.Б.Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1.Қазақстан Республикасының əлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мəдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 3 мамыр № 678

Leave A Reply

Your email address will not be published.