Тараз білімгерлері майдангерлерге ән арнады

0 0

Таразда «Майдангерлерге мың алғыс» атты қалалық ән байқауы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген іс – шара Жеңістің 73 жылдығын жоғары деңгейде атап өту, жастар арасында патриоттық сезімді дамытуға арналды.

Байқауға қатысқан оқу орнының білімгерлері патриоттық және Жеңіс күніне арналған әндерді орындады.

Шараға Облыстық филормониясының әншісі А.Әлмерек, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Құдайбергенова, әнші, 2017 жылы өткен «Жайнай бер менің Астанам!» атты байқауының жеңімпазы С.Шахаева, ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру секторының меңгерушісі А.Кадралиев, «Жаңабаевтар жанұясы» ансамбльінің жетекшісі, композитор, продюсер Н.Жаңабаев қазылық етті.

Бұдан бөлек, қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, барлығы 300-ден аса адам қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл политехникалық колледжінің студенті О.Бақытұлы, І-орынды Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Д.Түймеханов, ІІ-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті А.Тұрар, ІІІ-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті М.Қырғызбай иеленді, сонымен қатар, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті С.Төребекова «Үздік дауыс иесі» номинациясымен, №12 «Тараз» колледжінің студенті С.Шоушова «Көрермен көзайымы» номинациясымен, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.