Арнаулы әлеуметтік орталықта Ұлы Жеңіс мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

0 12

Ағымдағы жылы мамыр айының 05 жұлдызында «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» «Қарулы күштер-қауіпсіздік қазығы», 9-мамыр «Ерлік пен бірлік-жеңіске жеткізеді» атты іс-шара өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған іс-шараға интернат үйінің директоры барша қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп сөз сөйледі. Сонымен қоса интернат үйінің жұмысына белсене ат салысып жүрген ер-жігіттерімізді алғыс хатпен марапаттап, құттықтады.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жастарымызды тарихымызды тереңнен тануға баулу. Қызметкерлердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Аталған мереке интернат қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Ер азаматтарымызға арнайы қызметкерлердің дайындаған өнерлері тарту етілді. Концерттік бағдарламада ерке бишілер тобы «16 қыз» «Смуглянка», билері орындалса, «Ассалаумағалейкум», «Бол жанымда» әндері «Ақ халатты абзал жандар», «Әскердегі оқиға» атты көрініс көрсетілді. Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.