ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде, әр азамат өзінің ескертулерін, арыздарын және ұсыныстарын жібере алатын «WhatsApp Messenger» тіркемесі (нөмірі 8 747 149 25 25) қолданысқа енгізілгендігі туралы ӨКҚ өткен брифингте белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «WhatsApp Messenger» мобилдік тіркемесіне азамат А-дан арыз түскен. Ол, өз арызында Тараз қаласындағы автомобиль жолдары мәселесі, дәлірек айтсақ айналасы 1-3 шаршы метрге дейін шұңқырлар пайда болған көлік жүретін жерлердегі байқау құдықтарының жан-жағын жөндеу жұмыстарының сапасыздығы туралы уәждері келтірген.
Тараз қаласы тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде аталған құдықтарды ағымдық жөндеу бойынша бөліммен «Алматы ТехПромСтрой» ЖШС-мен келісім шарт жасалғандығы анықталды.
Сонымен қатар, келісім-шартқа сәйкес, нысан 2018 жылға өтпелі болып табылады, қазіргі уақытта құдық айналасындағы бүлінген орындарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.