Бүгін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай ҰОС ардагерлерімен жалғызілікті қарттарды мерекелерімен құттықтап, үй шаруасындағы жұмыстарына көмек көрсету мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясы өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
Акцияға № 10 Шу колледжі мен «Алмас» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.