Астанада мектеп отқа оранды

0 14

Астанадағы №61 орта мектептен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Фейсбук қолданушылары жариялаған ақпаратты төтенше жағдайлар департаменті растады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 101 нөміріне күндізгі сағат 2-лерде хабар түскен. Бірінші қабаттағы 10 шаршы метр алаңда жиһаздар мен жеке заттар жанған.

«Мектеп әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін 2212 адамды эвакуациялады, оның ішінде 2096 бала бар. Жедел жәрдем мен Апаттық медицина орталығы өрт болған жерде адамдарға көмек көрсетіп жатыр», — делінген хабарламада.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 15 адамы мен 6 техника тартылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.