Қазақстандық теннисші Зарина Дияс сыйлық қоры 7,5 млн еуро болатын Мадридтегі Premier дәрежесіндегі турнирде пуэрторикалық Моника Пуигке қарсы ойнайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.
Дияс соңғы рет Рабатта итальялық Сара Эрранимен (0:2) ойнаған болатын. Пуиг Монтеррейде өткен соңғы кездесуде венгр спортшысы Тимеа Бабоштан екі сетте де жеңіліп қалған еді.
Моника Пуиг Риодағы Олимпиадада жұртты шулатып, жеке разрядта алтын медальді иеленген.
Дияс — Пуиг матчы ертең, 6 мамырда өтеді. Басталуы — Астана уақытымен 14:00-де.