Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
2018 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдармен 2 миллионға жуық қызмет көрсетілген. Есепті кезеңнің ішінде ақпараттық жүйелер арқылы электронды нысанда көрсетілетін қызметтердің үлесі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,5 % артқан.
Осы кезеңде Департаментпен 13 тексеріс жүргізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама бұзушылықтың 470 фактісі анықталды. Департаменттің ұсыныстары негізінде 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, жаңа Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары турасында сөз қозғалды. Есептік кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізіліп, 15 мәселе қаралды, оның 8-і тәртіптік істер.
Сонымен қатар, Департамент ҚР ІІМ министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметтеріне 1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою және оларға жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар жолданған.