Бүгін Отан қорғаушы күніне арналған шеру Отар даласында өтеді,- деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Шартты ұрысқа бас-аяғы 3 мыңнан астам сарбаздар мен сардарлар, 300-ден аса әскери техника және 40 шақты әуе көлігі жұмылдырылады. Бұл парадтың ерекшелігі осы жолы алғаш рет аймақтық қорғаныс бөлімшелеріне Жауынгерлік ту тапсырылады. Байрақты қабылдайтындар – облыс әкімдері, Астана мен Алматы қалаларының басшылары.
Осыншалық кең көлемде ел тарихында екінші рет өтетін салтанатты шеру бүгін республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланып отыр.