Тараздықтар әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

0 5

Отан қорғаушылар күніне арналған шеру Т. Рысқұлов саябағындағы үлкен экраннан көрсетілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

 

Әскери шеруді көруге ҰОС ардагерлері, облыс және қала әкімдігінің өкілдері, оңтүстік өңірлік қолбасшылығы мен қаладағы әскери бөлімдердің қызметкерлері отбасымен, қала тұрғындары көрді.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Барша қазақ елін осы мерекемен және алдағы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгідей жайма шуақ күнде осынау мерекені тамашалап отырған ардагерлердің бәрі шат – шадыман. Еліміз жасай берсін,- деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Смаилов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.