Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы «Zhambylnews» АА Stan.kz хабарлайды.
«РФ-ның Ка-52 тікұшағы Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын атқару барысында апатқа ұшырады. Тікұшақта болған екі ұшқыш қаза тапты», – деп мәлімденеді хабарламада.
Ведомство мәліметінше, іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың денесін тауып, базалық әуежайға жеткізген.
Алдын ала болжамға сәйкес, тікұшақ техникалық ақаулар салдарынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.