Алматыда 10 жасар қыз өрт сөндіру көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)

0 4

Алматыдағы Шаңырақ-6 шағын ауданында өрт сөндірушілер көлігі жолдың өтуге болмайтын бөлігінен кесіп өтпек болған қызды қағып кетті. Салдарынан 10 жасар қыз оқиға орнында тіл тартпай кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Zhambylnews» АА хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндіру көлігі Қошқарбаев көшесімен келе жатқанда, екі қыз жолдың өтуге болмайтын бөлігінен кесіп өтпек болған. Ал үшінші қыз олардың артынан жүрген. Арнайы көлік жүргізушісі жылдамдықты баяулатып, сигнал берген. Алайда қыз жолдың ортасында тұрып қалған. Мұнан кейін, ол белгісіз себептермен бірден алға қарай қозғалған.

Осы кезде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі қызды қағып кетпес үшін, рөлді солға бұрып, бірден тоқтаған. Алайда көліктің артқы дөңгелегімен қызды басып өткен екен.

10 жасар жедел жәрдем жеткенше оқиға орынында тіл тартпай кетті.

Жол полициясы мен қылмыстық полиция қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.