Жамбыл облысының құтқарушылары соғыс ардагерлерін құттықтады

0 0

Биыл Жеңістің 73 жылдығын Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері айрықша атап өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Жеңіс» саябағында ұйымдастырылған негізгі салтанаттан бастап, қаланың барлық саябақтары мен алаңдарында Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына байланысты мерекелік концерттер мен театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтері» ММ қызметкерлері де атсалысты. Олар Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақтың үлкен сахнасында «Арасан» би клубының қолдауымен «Жеңіс маршы», «Смуглянка», «Көк орамал» және «Катюша» сияқты соғыс кезіндегі әндерді шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.

Еске сала кетсек, биылғы жылы тараздықтар Жеңіс күнін жаңадан ашылған «Ерлік» мемориалды кешенінде тойлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.