Ресейлік ғарышкер қазақстандықтардың өтінішін орындады

0 6

Халықаралық ғарыш станциясында жүрген ресейлік Антон Шкаплеров Астананың ғарыштан көрінісін жариялады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіме жазылған қазақстандықтардың көбі отандарының астанасын ғарыштан түсіруді сұрайтын. Міне ол Қазақстанның маржаны — керемет #Астана!», — деп жазыпты ол. 

Ол суретте Есіл өзені мен қала маңындағы көлшіктер де анық көрініп тұрғанын атап өтті.

«Бұл суретте олар мұз құрсауынан енді ғана бусанып жатыр, өйткені сурет бірнеше апта бұрын жасалды. Қазір Астанаға көктем толық келгеніне сенімдімін, солай емес пе?» — деп жазыпты Шкаплеров.

Антон Шкаплеров — ресейлік ғарышкер. Ресей әуе күштерінде ұшқыш болған. Instagram желісіндегі парақшасында ХҒС-те түсірілген суреттерді жариялап тұрады.

https://www.instagram.com/p/Bimh-s8BD1H/?taken-by=anton_astrey

Leave A Reply

Your email address will not be published.