«Тараз» ақтөбелік команданы шаң қаптырды

0 0

Жамбылдық футбол командасы биылғы маусымдағы ең ірі жеңіске қол жеткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Ел біріншілігінің сегізінші турында жерлестеріміз өз алаңында «Ақтөбе-Жас» командасын 5-0 есебімен жеңді.Өз алаңында Ақтөбелік команданы қабылдаған Жамбылдықтар ойынның алғашқы минуттарынан бастап белсенділік танытты.

Тіпті үшінші минутта Константин Дудченко қонақтардың қақпасына алғашқы допты соқты. Жарты сағаттық тартыстан кейін Абзал Таубай шеберлік көрсетіп қарсыластарға екінші допты салды. Үзілістен кейін де жерлестеріміз осалдық танытқан жоқ. Үсті-үстіне шабуылдар ұйымдастырды. Соның нәтижесінде 54 минутта Думан Тұрсынбайдың бағыттаған добы қонақтардың қақпасынан табылды. Ал, 69 минутта айып добын орындаған Нұртас Кургулин қақпа саңылауын дөп тапты. Осылайша «Тараз» командасы ірі жеңіске ие болып, 15 ұпайға қол жеткізді.

Фото Jambyl.tv
Leave A Reply

Your email address will not be published.