Қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы — 2018» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы қаулысына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі арнайы комиссия құрып, қалалық деңгейде конкурс ұйымдастырды. Нәтижесінде 10 отбасы өтініш білдіріп, олардың ішінен 4-і облыстық конкурсқа жолдама алып отыр.
Қалымбетовтер, Құсаиновтар, Жапаровтар, Дүйсенбаевтар өздерінің тату – тәтті отбасымен үлгі болып, ең көбі 7 баланың ата – анасы атанса, қалғандарының отбасында 2,3 баладан бар. Әр – түрлі мамандық иелері, мысалы, жеке кәсіпкер, әскерилер, менеджер, мұғалімдер де бар.