Жамбыл облысы шекарасында 200 заң бұзу фактісі тіркелген

0 0

Осы орайда, Тараз қалалық әкімдікте жиын өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Жыл басынан бері қазақ – қырғыз шекарасында 200 заң бұзу фактісі тіркелген. Соның 70 пайыздан астамы қазақстан азаматтарының үлесінде.

Соңғы уақыттары шекарадан заңсыз тауар тасымалы мен рұқсатсыз кесіп өту фактілері күрт өскен. Мәселен, соңғы 4 айдың өзінде кеден арқылы 13 келі есірткі өткізу деректері тіркелген. Оның ішінде 6 келіге жуығы героин.

Бұдан бөлек, қырғыз еліне Жамбыл, Меркі, Шу аудандарынан барлығы 220 бас малды заңсыз өткізбек болғандар құрықталған.

Айта кетерлігі, басқосуда мамыр айының 21 мен 27-сі аралығында Жамбыл облысының аумағында өтетін кең көлемді үгіт насихат жұмыстары пысықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.