Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

0 5

Қазақстанда 19-21 мамырда ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

«Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпал етеді. Ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның батысында Кіші Азия аумағынан ауа ағыны жылжып, ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтеріледі», — делінген хабарламада. 

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда сенбі және жексенбі күндері түнде суық болады. Алайда, жексенбі күні күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін көтеріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.