«Бәйтерек» монументі уақытша жабылады

0 0

21-28 мамыр аралығында «Бәйтерек» монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған кезеңде еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде келесідей жұмыстар жүргізіледі: конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету.

«Бәйтерек» монументі 29 мамырда ашылады. Айта кетейік, ескерткіш үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 300 теңге және ересектер үшін – 700 теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.