Тараз қаласында мүгедек жастарға оңалту орталығы ашылды

0 12

Тараз қаласындағы «Зербұлақ» демалыс аймағында мүгедек жастарға арналған «Асар» оңалту орталығы ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Асар» оңалту орталығының ашылуына «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, Алматы қаласынан арнайы келген Қазақстан мүгедектер одағының төрағасы Әли Аманбаев, облыстық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Заиджан Юлдашев, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев, ҚМДБ Жамбыл облыстық өкіл имамы, һибатулла Тараз мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, «Нұр бала» жобасының түлегі Исаак Мустопуло, параолпипиада чемпионы Зулфия Габидуллина, осы игі істің басында облыс әкімінің кеңесшісі, «Асар» Жамбыл облыстық мүгедектер жұмыс жасайтын ұйымдарының одағы» ЗТБ президенті Руслан Тулегенов қатысты.

Орталықтың ашылу лентасын қию Мұратхан Жүнісәліұлы мен Исаак Мустопулоға бұйырды.

— «Орталықты кәсіпкерлердің көмегімен асарлатып салдық. Осы уақытқа дейін жалдамалы жерлерде көшіп-қонып жүр едік. Енді салтанатты түрде ашылуы өтіп жатыр. Қолдау көрсетіп келген адамдарға алғысымыз зор. Ары қарай да орталығымызды үлкейтуге күш салатын боламыз», — деп мәлімдеді Руслан Қаншымбекұлы.

Айта кетерлігі, орталықта «Инватакси», «Нұр бала», «Иппотерапия» және т.б. жобаларды жүзеге асырудамыз. Ал, Исаак Мустопуло 10 жыл бойы «Жас мүгедектер қоғамында тәрбиеленіп, аяқтап шықты. Келген қонақтарға дастархан жазылып, Рамазан айы алдындағы сауатты іс болғандықтан Құран оқылып, ұйымның белсенділерінің концерттік бағдарламасы көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.