Головкиннің промоутері 2018 жылы қанша жекпе-жек болатынын айтты

0 0

Головкин мен Альварестің реваншы биыл қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. Промоутер Том Леффлердің айтуынша, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы екеу емес, үш жекпе-жек өткізуі мүмкін, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

2016 және 2017 жылдары Головкин екі жекпе-жектен өткізді. Биыл ол әзірге бір рет шаршы алаңға шықты, қазақстандық боксшы 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны белгілі.

Головкиннің келесі қарсыласы — Cауль «Канело» Альварес. Қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке жоспарланып отыр, деп жазады sports.kz.

«Бәрі келесі жекпе-жектің нәтижесіне байланысты болады. Барлығы жақсы болса, Геннадий биылғы жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығуды көздеп отыр», — деп жауап берді Леффле.

Leave A Reply

Your email address will not be published.