Елбасы Куба халқына көңіл айтты

0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

«Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.