Ғалымдар болашақта емі табылмайтын індет тарауы мүмкін екенін мәлімдеді

0 0

Ұлыбритания ғалымдарының жүргізген зерттеу жұмысы паразиттік саңырауқұлақтардың жылдам өзгеріске ұшырап жатқанын көрсетті. Олар болашақта адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында індет таратып, дәрілердің көмегі болмауы мүмкін. Бұл туралы «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, жақын болашақта саңырауқұлақтар антибиотиктерге төзімді супербактерияларға айналады. Оған зең салдарынан ауыз уылуы, тері жабынының саңырауқұлақтармен зақымдалуына қарсы дәрі-дәрмектерді ұзақ қолдану себеп болмақ.

Зерттеушілердің сөзінше, заманауи дәрі-дәрмектер тек әлсіз саңырауқұлақтарды жоя алады. Ал күштілері тірі қалып, дәрілерге төтеп бере алатын қабілетке ие болады.

Сондай-ақ, зерттеуде көрсетілгендей, адамдар сүт безінің қатерлі ісігі мен безгектен қарағанда, саңырауқұлақ инфекциясынан жиі қайтыс болады екен. Ал адамдардың саңырауқұлақ инфекцияларының салдарынан көз жұмуы туберкулез және ЖИТС (СПИД) көрсеткіштерімен тең.

Leave A Reply

Your email address will not be published.