Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

0 2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі-баспасөз хатшысы Айдос Қыдырма қызметінен кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі- баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтадым. Тапсырылған сенімі үшін Бақытжан Әбдірұлына, көрсетілген қолдау үшін БАҚ өкілдері мен бірге жұмыс атқарған қызметтестерге үлкен алғыс айтамын», — деп жазады Айдос Қыдырма өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Ол қызмет барысында тілектестік білдірген барлық достарына алғыс айтты.

«Алдағы еңбек жолымды дипломатиялық қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі ретінде жалғастыратын боламын», — дейді А.Қыдырма.

Leave A Reply

Your email address will not be published.