Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF-пен келіссөз жүргізіп, ұйымнан міндетті қорғауды тағы да кейінге шегеруді сұрамақ ниетте. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасап.
Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF-пен келіссөз жүргізіп, ұйымнан міндетті қорғауды тағы да кейінге шегеруді сұрамақ ниетте.
Журналистің сөзінше, егер IBF Головкинге Деревянченкомен болатын жекпе-жекті кейінге шегеруге мүмкіндік бермесе, GGG IBF чемпиондық белбеуінен айырылуға мәжбүр болады. Головкин бұл қадамға баруы мүмкін. Геннадий үшін Деревянченкомен жұдырықтасып аз қаражат алғанша, қыркүйекте «Канеломен» шығып қомақты табыс тапқан тиімді.
«Орта салмақта IBF атағынан айырылу 36 жастағы Головкин үшін қиын емес, өйткені осы белбеуді иеленген адаммен жекпе-жекке шығатын мүмкіндігі бар. Головкин мен «Канело» – орта салмақтағы ең танымал екі боксшы. «Канело» IBF белбеуіне құштар емес, сондықтан белбеу үшін Деревянченкомен шығуға талпынбайды», – деді Эмброуз.
Головкин мен Альварес арасындағы рематч Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте болуы мүмкін. Мексикалық допинг қолданғаны үшін 17 тамызға дейін бокстан шеттетілген болатын.