Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 3

22-24 мамырға арналған ауа-райы болжамы. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Ауа-райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал ететін болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Бірақ солтүстік облыстардың кейбір аудандарында аздаған жаңбыр жаууы ықтимал.

Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр жауады.

«Қазақстанның шығысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батысында нормадан 4-6 градус жоғары күйінде сақталады», — деп хабарлайды синоптиктер. 

Атырау облысында 21-22 мамырда 37 градус ыстық болатындықтан дабылды ескерту жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.